Атырау қаласының прокуратурасы «Атамекен тұрғын үй», «Family town», «Baisanat Residence» және «SaraishyqInvestGroup» тұрғын үй-құрылыс кооперативтерінің (ТҚК) құрылтайшыларының заңсыз әрекеттерінен зардап шеккен азаматтардың құқығын қорғады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Зардап шеккен пайшылардың құқықтарын қорғау мақсатында Атырау қаласының прокуратурасы «Baisanat Residence» ТҚК және оның құрылтайшыларымен жасалған шарттарды бұзу, сондай-ақ аяқталмаған құрылыс нысандарынан алынған қаражаттарды өндіріп алу және оларды пайшыларға қайтару туралы талап арызбен Атырау қалалық сотына жүгінді.
Сот прокуратураның талаптарын заңды деп танып, талап арызды толық көлемде қанағаттандырды.
Бұл шешім пайшыларға инвесторларды тарта отырып құрылысты аяқтауға және көптен күткен баспаналарын алуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, Атырау қаласының прокуратурасының қабылданған шаралары нәтижесінде «Қазанат» ТҚК жер учаскесін пайшылардың меншігіне қайтарып, «Ақмаржан» ТҚК тұрғын үйінің пайдалануға берілуін қамтамасыз етті.