Ауыр атлетикадан Ұлттық құрама спортшысы Артём Антропов Қытайдың Цзяншань қаласында өтіп жатқан сары құрлық бәсекесінде күміс жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлады turkystan.kz.
Спортты дамыту дирекциясының ақпаратынша, осы салмақтағы әлем чемпионы (102 кг дейінгі) бұл сында тек Париж Олимпиадасының жеңімпазы Лю Хуаньхуаға (Қытай) есе жіберді. Сондай-ақ Антропов серпе көтеруде күміс, жұлқа көтеруде қола жүлде жеңіп алды.
Ерлердің нәтижесі:
1.Лю Хуаньхуа – 410 кг (Қытай, 180+230)
2.Артём Антропов – 386 кг (Қазақстан, 165+221)
3.Давранбек Хасанбаев – 377 кг (Түркменстан, 182+195)