Қазақстандық зілтемірші Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды

/
Қазақстандық зілтемірші Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды
Olympic.kz

Қазақстан ауыр атлетикадан Цзяншань (Қытай) қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында алғашқы медалін жеңіп алды, деп хабарлады turkystan.kz.

Жалпы есепте үшінші орын алған Пётр Хребтов қола жүлдегер атанды. Ол 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті.

Қоссайыстың қорытындысы бойынша қазақстандық зілтемірші 333 (146+187) келі салмақты еңсерді.

Бірінші орынды Индонезия өкілі Абдулла Рамат Ервин 360 (155+205) келімен иеленсе, екінші орынға Қытайдан У Хайфен 334 (145+189) келімен жайғасты.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары