Жақыныңыз жоғалса, не істеу керек

/
Жақыныңыз жоғалса, не істеу керек
istockphoto

Бұл туралы turkystan.kz жазды.

"Электрондық үкімет" сайтында егер адам із-түссіз жоғалып кетсе, бірінші кезекте полицияға "102" телефоны арқылы немесе жақын жердегі полиция бөлімшесіне бару арқылы хабарлау керектігі жазылған.

Құқық қорғау органдарына ұсыну қажет маңызды ақпарат:

хабарсыз кеткен адамның жеке мәліметтері - аты, тегі, әкесінің аты, жасы, шашының түсі, меңі, тыртығы немесе татуировкасы сынды ерекше белгілері;

адамның қандай жағдайда жоғалып кеткені туралы мәліметтер.

Егер кішкентай бала жоғалған болса, онда полицияға дереу хабарласуыңыз керек. Полиция адамның хабарсыз кету ұзақтығына және қай жерде жоғалғанына қарамастан, арызды бірден қабылдап, тіркеуге міндетті. Мұндай арызды беру мерзіміне қатысты ешқандай шектеу жоқ.

Адамның жоғалып кеткеніне 3 күн өткеннен кейін ғана хабарласуға болады деп ойлау қате.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары