Он күн бұрын жоғалған 6 жастағы баланың мәйіті табылды

/
Он күн бұрын жоғалған 6 жастағы баланың мәйіті табылды
Әлеуметтік желіден

10 мамырда Ақмола облысында жоғалған алты жасар баланың жансыз денесі табылды. Тәртіп сақшылары, ТЖД қызметкерлері мен еріктілер бүлдіршінді 30 сәуірден бері іздеген, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, баланың денесі 10 мамырда Қорғалжын ауданындағы Нұра өзенінен табылған.

Полицейлердің айтуынша, кәмелетке толмаған баланың жоғалғаны туралы хабарлама полиция бөліміне 30 сәуірде түскен.

"10 күннен астам уақыт бойы жоғалған баланы полиция қызметкерлері, Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері, еріктілер мен оқиғаға бей-жай қарамаған азаматтар іздестірумен болды. Арыз келіп түскеннен кейін бірден қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, оның қорытындысы бойынша қорытынды процессуалдық шешім қабылданады", - деп хабарлады полицейлер.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары