Атырау облысына Теңіз кен орнында жер сілкінді. "Теңізшевроил" компаниясының баспасөз қызметі жер сілкінісін растады.
Магнитудасы 4,3 болатын жер сілкінісі бүгін Астана уақыты бойынша сағат 11:44-те тіркелді.
Сілкініс ошағының тереңдігі - 10 км. Жерасты дүмпулері шамамен бес секундқа созылған.
Ресей ғылым академиясының Бірыңғай геофизикалық қызметінің мәліметі бойынша ол Теңіз кен орны аумағында орналасқан.