Қазақстандық аралас жекпе-жек (ММА) шебері Бекзат Алмахан UFC-дегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Спортшы Канаданың Монреаль қаласында өткен UFC 315 турнирінде өнер көрсетті. Оның жеңіл салмақтағы (61,2 киллограмға дейін) қарсыласы канадалық Брэд Катон болды.
Жекпе-жек үш раундқа жоспарланғанымен, мерзімінен бұрын аяқталды. Жекпе-жек басталған сәттен-ақ қазақстандық спортшы қарсыласының басынан дәл тиіп, апперкот жасады. Катон құлап түсіп, Алмаханның бұл соққысынан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатты.
Осылайша, жекпе-жектің екінші минутының басында 27 жастағы Алмахан қарсыласын техникалық нокаутқа түсіріп, UFC-дегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді.
Оның промоушендегі дебюттік жекпе-жегі былтыр наурызда өткен болатын. Ол кезде төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен қазақстандық спортшы ресейлік Умар Нурмагомедовтен жеңіліс тапқан еді.
Алмахан кәсіпқой ММА-де барлығы 12 жекпе-жекте жеңіске жетіп, екі рет жеңілген.
Катон болса, мансабында алғаш рет нокаутпен жеңіліске ұшырады. 33 жастағы канадалықтың еншісінде бүгінде 14 жеңіс пен бес жеңіліс бар. Айта кетейік, Катон — The Ultimate Fighter шоуында екі рет чемпионы атанған тарихтағы жалғыз боксшы.