«Қазгидромет» РМК бүгін, 11 мамырда Астана, Алматы қалаларында және Қазақстанның 17 облысында дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жетісу облысында таулы аудандарда күндіз қатты жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыс бағыттағы жел шығыста және таулы аудандарда 15-20 м/с жылдамдықпен соғып, екпіні 23-28 м/с-ке жетуі мүмкін. Облыс бойынша өрт қаупі жоғары, батыс бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстік және шығыс бөліктерінде қатты жаңбыр мен бұршақ жауады деп күтілуде. Найзағай болуы ықтимал. Жел батыстан және оңтүстік-батыстан соғып, облыстың солтүстік, шығыс және оңтүстік бөліктерінде 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с-ке дейін жетуі мүмкін. Солтүстік-батыс және оңтүстік бөліктерде өрт қаупі жоғары. Өскемен қаласында найзағай болжануда. Желдің екпіні 15-20 м/с болады. Өрт қаупі жоғары.
Батыс Қазақстан облысында найзағай және күндіз бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, түнде облыстың батыс және оңтүстік бөліктерінде екпіні 15-20 м/с-ке жетуі мүмкін. Орал қаласында да найзағай мен бұршақ болжанған.
Абай облысында түнде солтүстік, оңтүстік және орталық аймақтарда найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде қатты жаңбыр мен бұршақ жаууы мүмкін. Жел батыстан және оңтүстік-батыстан, облыстың батыс, солтүстік және орталық бөліктерінде 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с болады. Облыстың батыс, солтүстік және оңтүстік бөліктерінде өрт қаупі жоғары. Семейде де күндіз найзағай болады. Жел екпіні 15-20 м/с.
Алматы облысында таңертең және түстен кейін батыс, оңтүстік және таулы аудандарда найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан және батыстан, күндіз солтүстік және шығыс бөліктерде екпіні 15-20 м/с. Облыс орталығында төтенше, солтүстік және батыс бөліктерде жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаев қаласында найзағай болжанған.
Алматы қаласында таңертең және түстен кейін найзағай күтіледі.
Қарағанды облысының солтүстік және шығыс бөліктерінде күндіз найзағай мен бұршақ болуы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан және батыстан, күндіз шығыста екпіні 15-20 м/с-ке жетуі ықтимал. Облыс бойынша өрт қаупі жоғары. Қарағанды қаласында күндіз найзағай күтіледі.
Жамбыл облысында түнде таулы аудандарда найзағай болжанса, күндіз шығыс, оңтүстік және таулы аймақтарда найзағай мен бұршақ жаууы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, таулы аудандар мен оңтүстік-шығыста 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Солтүстік және оңтүстік-шығыс бөліктерде жоғары, батыс және орталық бөліктерде төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау облысында күндіз батыс бөлігінде найзағай және бұршақ күтіледі. Жел бағытын оңтүстік-батыстан солтүстікке ауыстырады, екпіні батыс, солтүстік және шығыс бөліктерде 15-20 м/с-ке жетуі мүмкін. Оңтүстік және батыс бөліктерде өрт қаупі жоғары. Атырау қаласында да өрт қаупі жоғары.
Маңғыстау облысының батысында түнде тұман күтіледі. Күндіз оңтүстік және орталық бөліктерде шаңды дауыл болады. Жел оңтүстік-шығыстан және оңтүстіктен, күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Облыс бойынша өрт қаупі жоғары. Ақтау қаласында түнде тұман күтіледі.
Ұлытау облысында өрт қаупі жоғары. Жезқазғанда да осындай жағдай.
Түркістан облысында 11–15 мамыр аралығында төтенше өрт қаупі сақталады. Таулы аудандарда өрт қаупі жоғары. Шымкент пен Түркістан қалаларында да төтенше өрт қаупі күтілуде.
Қостанай облысының солтүстік, шығыс және батыс бөліктерінде найзағай, шығыс және оңтүстік бөліктерде түнде және таңертең тұман болады. Оңтүстікте өрт қаупі жоғары. Қостанай қаласында күндіз найзағай күтіледі.
Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында да осы жағдай.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде солтүстік, оңтүстік және шығыс бөліктерде найзағай болады. Түнде және таңертең батыс және солтүстік бөліктерде тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с. Петропавл қаласында түнде найзағай және тұман күтіледі.
Ақтөбе облысының солтүстігінде күндіз найзағай болжануда. Жел оңтүстік-шығыстан және оңтүстіктен, күндіз оңтүстік және батыс бөліктерде екпіні 15-20 м/с. Оңтүстік, оңтүстік-шығыс және батыс бөліктерде өрт қаупі жоғары.
Ақмола облысында түнде солтүстік, оңтүстік және шығыс бөліктерде, күндіз шығыста найзағай күтіледі. Күндіз бұршақ жаууы ықтимал. Желдің екпіні 15-20 м/с. Облыстың батыс, оңтүстік және шығыс бөліктерінде өрт қаупі жоғары. Көкшетау қаласында түнде найзағай болады.
Павлодар облысында найзағай күтіледі, түнде солтүстік және шығыс бөліктерде қатты жаңбыр жаууы мүмкін, күндіз солтүстікте бұршақ жауады. Жел солтүстік-шығыстан, екпіні 15-20 м/с. Батыс, оңтүстік және орталық бөліктерде өрт қаупі жоғары. Павлодар қаласында таңертең және түстен кейін найзағай, жел екпіні 15-20 м/с. Өрт қаупі жоғары.
Астана қаласында найзағай, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.