Шығыс Азия елдеріндегі есірткі контрабандасының арнасы жойылды, деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік комитеті.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарымен және арнайы қызметтерімен бірге Шығыс Азия елдеріне есірткі тасымалдайтын контрабандалық арнаны жойды.
"Нәтижесінде 10 килограмнан астам метамфетамин тәркіленді, оның баратын елдегі нарықтық құны 2,4 млн АҚШ долларына бағаланады", - дейді ведомство.
Бұл факті бойынша шетелдік серіктестер сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде, деді комитет.