Бүгін сағат 11:20-да Қостанай станциясында маневрлік жұмыстар жүргізу кезінде тепловоз бен жеңіл автомобиль соқтығысты. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті.
— 2025 жылғы 10 мамырда сағат 11:20–да Қостанай станциясында маневрлік жұмыстар жүргізу кезінде тепловоз бен жеңіл автомобиль соқтығысты. Зардап шеккендер жоқ, — делінген хабарламада.
Алдын ала мәліметтер бойынша, оқиғаның себебі автомобиль жүргізушісінің теміржол арқылы өту ережелерін бұзуы болды.
Қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр.
ҚТЖ темір жолдарды кесіп өту кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттігін еске салады.