Маникюр мен педикюр бағасы күрт қымбаттады

/
Маникюр мен педикюр бағасы күрт қымбаттады
сурет: istockphoto.com

Сәуірде маникюр қызметтерінің бағасы Қазақстан бойынша наурызбен салыстырғанда 4,4%-ға өсті. Бұл – кем дегенде 2011 жылдан бергі ең жоғары айлық өсім. Педикюр бағасы одан да қатты көтерілді: бір айда бірден 8,2%-ға қымбаттаған. Бұл көрсеткіштер 2021 жылдан бері жүргізілген ресми статистикада алғаш рет осындай жоғары деңгейге жетіп отыр. Бұл туралы Бірінші кредиттік бюро Ұлттық статистика бюросының мәліметін негізге алып хабарлады.

Атап айтқанда, Алматы қаласында бағаның шарықтауы ерекше байқалады: сәуірде маникюр 21,1%-ға, педикюр тіпті 42,9%-ға қымбаттады. Осы айдағы өсім қаланың жылдық динамикасын да анықтады: маникюр – 23,1%, педикюр – 48%. Жалпы алғанда, республика бойынша жылдық өсім сәйкесінше 19% және 19,8%-ды құрап отыр.

Сонымен қатар, маникюр және педикюрге арналған құрал-жабдықтардың импорты ары қарай азайып жатыр. 2024 жылдың қорытындысы бойынша импорт көлемі былтырмен салыстырғанда екі есе қысқарған – тоннамен де, доллармен де. Ал 2025 жылдың алғашқы екі айында физикалық көлемі 29%-ға, ақша түріндегі көлемі 61%-ға төмендеген.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары