Зарина Диас халықаралық турнирдің ширек финалына шықты

/
Зарина Диас халықаралық турнирдің ширек финалына шықты
olympic.kz

Теннистен Қазақстан құрамасының өкілі Зарина Диас Жапонияның Фукуока қаласында өтіп жатқан ITF W35 санатындағы турнирдің ширек финалына шықты, деп хабарлайды turkystan.kz

Турнирдің екінші айналымында ол жапондық Рика Кикавададан басым түсті. Кездесу екі сетке ғана созылып, Зарина 6:0, 6:0 есебімен айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Ширек финалда қазақстандық теннисші Аустралия өкілі Лизетт Кабрерамен кездеседі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары