Қаңтар айында Қазақстан шетелге $4,5 млрд-тың шикізатын экспорттады, деп хабарлайды Сауда және интеграция министрлігі.
Бұның 60%-і мұнайға тиесілі. Сондай-ақ мыс, ферроқорытпалар, бидай, сондай-ақ уран, табиғи газ және күнбағыс майы маңызды позициялардың бірі. Әсіресе Қытай, Ресей және Италия – Қазақстанның сыртқы саудадағы басты серіктесі.
"Биыл қаңтарда Қазақстанның экспорты $4,5 млрд болды, оның 60%-і тағы да мұнайға тиесілі. Ал импорт бұл айда 2,8 млрд АҚШ долларынан асты", - деп жазылған хабарламада.
Қазақстанның экспорттық кірісі былтыр 81 млрд АҚШ долларынан асты. Бұл соманың жартысынан астамы, яғни 42,9 млрд АҚШ доллары шикі мұнайға тиесілі, бұл бүкіл қазақстандық экспорттың 52,5% құрайды. Сонымен қатар ел сыртқы нарыққа уран ( 4,6 млрд АҚШ доллары), мыс және мыс катодтарын (4,1 млрд АҚШ доллары), сондай-ақ мыс кендері мен концентраттарын 3,2 млрд АҚШ доллары) белсенді түрде жеткізді.