Ауыл оқушылары халықаралық STEM байқауында жүлдегер атанды

/
Ауыл оқушылары халықаралық STEM байқауында жүлдегер атанды
Оқу-ағарту министрлігі

Грекияның Софикон қаласында өткен FIRST LEGO League Challenge халықаралық чемпионатында Түркістан облысының Қазығұрт ауданынан барған ауыл оқушыларының құрама командасы 2 бірдей номинация бойынша қола жүлдеге ие болды, деп хабарлады turkystan.kz.

STEM бағыты бойынша өткен турнирге АҚШ, Бразилия, Жапония, Австралия, Германия сынды 50-ден астам елден оқушылар қатысқан.

Нәтижесінде Қазығұрт ауданының командасы Robot Design Award және  Alliance Cup санаттары бойынша да қос бірдей 3-орынға ие болды. Команда құрамында: Сайлау Нұрасыл, Нұралы Даянхан, Ділдәбек Аружан, Камал Асылжан, Ақжол Нұрасыл, Асқарова Несібелі, Давронбек Гүлмира, Тайбек Балым, Елтай Өміржан бар.

Команданың жетекшілері — информатика пәнінің мұғалімдері Оразхан Бексұлтан, Устенов Нұрсұлтан, Тастан Ербол, Шералы Әлібек.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары