Қазақстан мен Моңғолия СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті

/
Қазақстан мен Моңғолия СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті
Сыртқы істер министрлігі

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Моңғолияның Сыртқы істер министрі Батмунхийн Батцэцэгпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады turkystan.kz.

Келіссөздер барысында тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және көлік-логистикалық байланыстарды жандандыру мәселелеріне ерекше назар аудара отырып, қазақ-моңғол ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады.

Биік деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру және Қазақстан мен Моңғолия арасындағы стратегиялық серіктестікті тереңдету үшін күш-жігерді үйлестірудің маңыздылығы аталып өтті.

Сұхбат қорытындысы бойынша тараптар іс-қимылды одан әрі нығайту мақсатында екі елдің сыртқы саяси ведомстволары арасындағы байланыстарды жоғары деңгейде сақтауға келісті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары