Қапшағай су қоймасы 100%-ға толды

/
Қапшағай су қоймасы 100%-ға толды
Фото: qov.kz

Қазіргі таңда Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасында шамамен 18,5 млрд текше метр су жиналды, деп хабарлады су ресурстары және ирригация министрлігі.

Былтыр су қоймасы соңғы 10 жылда алғаш рет 100%-ға толған болатын.

Су қоймасының толуы Балқаш көліне су жіберуге және облыстағы Ақдала және Шеңгелді суармалы алқаптарын сумен толықтай қамтуға мүмкіндік береді.

Судың мол берілуінің арқасында бір жылдың ішінде Балқаш көлінің деңгейі 12 сантиметрге көтеріліп, жалпы су көлемі 2 млрд текше метрге ұлғайды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары