Алматы қалалық ауруханасынан қашып кеткен тергеудегі адам көп өтпей қолға түсті, деп хабарлайды Kazinform.
3 мамыр күні ұрлыққа қатысы бар күдіктінің қалалық ауруханадан қашып кеткені белгілі болды. Ол қамауда отырғанда сол жерде емделген.
– Ұрлық жасады деген күдіктінің өзі емделіп жатқан қалалық ауруханадан қашып кетуіне қатысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлады ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінен.
Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр.