Сауль Альварес бокстан абсолютті әлем чемпионы атанды

/
Сауль Альварес бокстан абсолютті әлем чемпионы атанды
istockphoto

Мексикалық боксшы Сауль Альварес екінші орта салмақта (76,2 келіге дейін) бокстан абсолютті әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жекте кубалық Уильям Скаллды жеңді, деп хабарлайды Sputnik.kz.

Жекпе-жек Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтті және төрешілердің бірауыздан шешімімен Альварестің жеңісімен аяқталды. Ол Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC), Дүниежүзілік бокс қауымдастығының (WBA Super) және Дүниежүзілік бокс ұйымының (WBO) әлемдік титулдарын сақтап қалды, сонымен қатар Халықаралық бокс федерациясының (IBF) белбеуін жеңіп алды.

Қазір Альварестің еншісінде 63 жеңіс, екі жеңіліс және екі тең есеп бар. Скалл кәсіпқой рингтегі алғашқы жеңілісіне ұшырады, оның қоржынында 23 жеңіс бар.

Айта кетейік, 2021 жылдан 2024 жылға дейін Альварес осы салмақта абсолютті әлем чемпионы мәртебесін иеленді, бірақ кейінірек Скаллмен жекпе-жек өткізгісі келмегендіктен одан айырылды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары