4 мамыр күні Қазақстанның Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығы Алматы қаласының оңтүстік-шығысында жер сілкінісі тіркелгенін хабарлады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Сейсмикалық станциялар желісінің мәліметінше, жер сілкінісі Астана уақыты бойынша 11:45-те тіркелген. Табиғи құбылыстың координаттары: солтүстік ендік 41.670, шығыс бойлық 82.310. Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында, Алматыдан 477 шақырым оңтүстік-шығыс бағытта орналасқан.
Сейсмологтар жер сілкінісінің Қазақстан аумағында сезілуі туралы ақпараттың тіркелмегенін мәлімдеді.