Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр

/
Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр
istockphoto

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 513 – 519 теңгеден саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 4 мамырға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 516,16 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,25 теңге. Еуро — 584,86.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 518 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 515 теңге. Еуро 583 — 587 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 519,5 теңге, сатып алу құны — 513, 5 теңге. Еуро 581 теңгеден сатып алынып, 588 теңгеден сатылып жатыр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,06 - 6,19 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 2 мамыр күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 3,68 теңгеге қымбаттап, 516,16 теңге болған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары