Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы әлемдік рейтингте шарықтап кетті

/
Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы әлемдік рейтингте шарықтап кетті
istockphoto

Теннистен Billie Jean King Cup әлемдік командалық рейтингісі жаңартылып, Қазақстан әйелдер құрамасы 12-ден 6-орынға көтерілді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл нәтиже тарихи жетістікке саналып отыр. Себебі Қазақстан әйелдер құрамасы теннис тарихында үздік алтылыққа бұған дейін еніп көрмеген.

Ел құрамасы командалық есепте Чехия, Германия, Аустралия, Жапония, Бельгия, Франция командасынан озық тұр. Рейтингіде былтырғы әлем чемпионы Италия көш бастаса, Ұлыбритания екінші, ал АҚШ үшінші сатыға тұрақтады. Испания төртінші, Канада бесінші орында.

Сәуірде Қазақстан әйелдер құрамасы іріктеу турнирінде табысты өнер көрсетіп, өз тарихында үшінші рет командалық әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алған болатын. Әлемнің үздік сегіз командасы бас қосатын финалдық дода 16-21 қыркүйекте Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтпек.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары