«Қайрат» футзалдан Чемпиондар лигасының финалына шықты

/
«Қайрат» футзалдан Чемпиондар лигасының финалына шықты
Видеодан скриншот

Алматының «Қайрат» футзал клубы Францияның Ле-Мана қаласында өткен Чемпиондар лигасының жартылай финалында Испанияның қазіргі чемпионы «Картахенаны» жеңді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Қайрат» сенсациялық жеңіске жетіп, финалға жолдама алды — 3:2.

Қазақстандық команданың сапында Алиссон дубль авторы атанса, тағы бір голды 39-минутта қақпашы Деннис Кавальканти соқты. Ал испаниялықтар қатарынан Мигель Анхель Мельядо (20-минут) және Габриэль Мотта (40-минут, пенальтиден) мергендік танытты.

Финалда «Қайрат» Испанияның «Пальмасымен» кездеседі. Клуб жартылай финалда Португалияның «Спортингінен» басым түсті.

 «Қайрат» бұған дейін Чемпиондар лигасын екі рет жеңіп алған (ол кезде турнир УЕФА Кубогы деп аталатын): 2013 және 2015 жылдары.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары