Ғалымдар үйлену мен алжудың арасында байланыс барын анықтады

/
Ғалымдар үйлену мен алжудың арасында байланыс барын анықтады
сурет: istockphoto.com

Сіз отбасын құрмаған адамда деменция болу ықтималдығы төмен екенін естісеңіз, сенер ме едіңіз? Жаңа зерттеу дәл осыны көрсетіп отыр. Бұл зерттеуді АҚШ-тағы Флорида штаты университетінің ғалымдары жүргізген.

Бұған дейін көп зерттеулер керісінше – үйленген адамдарда денсаулық жақсырақ, олар ұзақ өмір сүреді және деменцияға сирек шалдығады деген болатын. Бірақ бұл жолы басқаша нәтиже шықты.

Зерттеуге 24 000-нан аса адам қатысқан. Бастапқыда олардың ешқайсысында деменция болмаған. Ғалымдар оларды 18 жыл бойы бақылап, төрт топқа бөлген: үйленгендер, ажырасқандар, жесір қалғандар және ешқашан үйленбегендер.

Басында бойдақ адамдарда деменция аз болады дегендей нәтиже шыққан. Бірақ басқа факторларды – мысалы, темекі шегу немесе депрессия – ескергеннен кейін, тек ажырасқан және ешқашан үйленбеген адамдарда ғана деменция қаупі расымен төмен екені анықталған.

Тағы бір қызығы – үйленбегендерде Альцгеймер сияқты жиі кездесетін деменция түрі сирек болған. Ал сирек кездесетін тамырлық деменцияда мұндай байланыс байқалмаған.

Ғалымдар бұл деректер неке мен ми саулығы арасындағы байланысты жақсырақ түсінуге көмектеседі дейді. Бірақ бәрі адамның өмір салты мен жағдайына байланысты екенін де ескерткен.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары