"Қазгидромет" РМК синоптиктері 2025 жылдың мамыр айына арналған ауа райы болжамын ұсынды – көктемнің соңғы айы жылы болады, деп хабарлайды turkystan.kz мемлекеттік метеорологиялық қызметке сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжауынша, мамыр айында ауаның орташа температурасы Қазақстанның көп бөлігінде нормадан 1° жоғары, Шығыс Қазақстан облысында, Алматы облысының оңтүстік-шығыс жартысында, Жетісу, Абай облыстарында нормаға жуық болады деп күтілуде.
Мамырда жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде нормадан аз, еліміздің солтүстік-батыс және солтүстік облыстарында, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының оңтүстігінде, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жетісу, Абай облыстарының оңтүстік-шығысында нормаға жақын болады деп болжанып отыр.
Мамырдың бірінші онкүндігінде республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-батысында күн күркіреп, жаңбыр жауады, екпінді жел, шаңды дауыл күтіледі, тек жекелеген күндері республика аумағында көшпелі бұлтты күн райы болжанып отыр, жауын-шашын аз түседі.
Ауа температурасы келесі диапазонда болады деп күтіледі:
елдің батысында түнде +4...+9°С-тан +9...+14°С дейін, күндіс +15...+20°С-тан +22...+30°С дейін;
республиканың оңтүстік-батысында түнде +10...+15°С пен +12...+20°С аралығында, күндіз +20...+25°С-тан +25...+33°С дейін;
солтүстік-батыста, солтүстікте, Қазақстанның орталығында түнде 0...+5°С, 1-6°, +8...+15°С дейін, күндіз +10...+18°С-тан +23...+30°С дейін.
республиканың оңтүстігінде ауа температурасы түнде +5...+12°C-тан +15...+20°C-қа дейін, күндіз +18...+25°C-тан +28...+35°C-қа дейін біртіндеп жоғарылайды деп күтіледі.
Жарнама
Мамырдың екінші және үшінші онкүндігінде республиканың басым бөлігінде ауа температурасы түнде +2...+7°С-тан +10...+15°С-қа дейін, күндіз +10...+15°С-тан +25...+30°С-қа дейін ауытқиды, түнде суық антициклон әсерінен кей күндері ауа температурасы 1-6° дейін төмендеуі мүмкін.
Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа температурасы +28...+36°С дейін көтеріледі, алайда ыстық күндердің арты салқын күндерге ұласып, ауа температурасы +20...+25°С болады, топырақ бетіне арктикалық ауа массалары енген кезде 2°-қа дейін аяз болуы мүмкін.