Белгілі әнші Нұржан Қалжан өнер жолына келуі жайлы сөз етті, деп хабарлады turkystan.kz.
Әнші Нұржан Қалжан «1001 түн» студиясында қонақ болды. Мектеп қабырғасында заңгер болуды армандаған ол өнер жолына қалай келгені жайлы әңгімелеп берді.
«Қыдырәлі Болманов продюсерім болса деген арманым болды. Алматыға жұлдыз болу үшін емес, дәл сол Қыдырәлі ағаның орталығына қабылдансам деген мақсатпен келдім. Студент кезімде жазған күнделігімде: «Оқуды бітірген соң Болмановтың продюсерлік орталығына барамын» деп жазыппын. Сол арманым ақыры орындалды», - дейді әнші.