Кеше кешке 2 бала Алматы облысы Талғар ауданы Талғарұл қ. жеке тұрғын үйдің алдында көшеде ойнап жүріп, жоғалып кеткен, деп хабарлайды turkystan.kz.
Өздері іздеп таба алмаған ата-аналар 112 нөміріне хабарласып, құтқарушылардың көмегіне жүгінген.
Балаларды іздеуге жақындары, жергілікті тұрғындар мен полиция жұмылды.
2020 жылы туған ұл бала түн ортасында үйден 3 км қашықтықта таулы аймақтан табылды. Ал оның 2015 жылы туған әпкесі Қотыр деген таулы аймақтан, үйден шамамен 10 км жерден таңертең табылған.
Балалар дәрігерлердің қарауынан кейін ата-аналарына табысталды.