Жел, жаңбыр: Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

/
Жел, жаңбыр: Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады
istockphoto

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 1-2-3 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады. 

Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады.

Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтардың таулы өңірлерінде түнде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі. 2 мамыр күні республиканың оңтүстік-шығысында жаңбыр жауады, бұршақ түсуі мүмкін. Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында түнде үсік сақталады. Республика бойынша жел күшейіп, түнгі және таңғы уақытта тұман басады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары