Ер адам 40 жылғы сәтсіздіктен кейін лотереядан 6 млн доллар ұтып алды

/
Ер адам 40 жылғы сәтсіздіктен кейін лотереядан 6 млн доллар ұтып алды
Сурет: oxu.az

АҚШ тұрғыны 40 жыл бойғы сәтсіздіктен кейін лотереядан 6 миллион доллар ұтып алды, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы Oxu.Az жариялады.

Сәттілік Мичиган штатының 60 жастағы тұрғынына бұйырған. Ол Стерлинг-Хайтс қаласындағы азық-түлік дүкенінен кезекті рет лотерея билетін сатып алған. Жеңімпаздың айтуынша, ол 40 жылдан астам уақыт бойы лотерея ойнап келгенімен, ірі ұтысқа бұрын-соңды ие болмаған.

«Билеттегі қорғаныс жапсырмасын сүрткен кезде 6 миллион доллар ұтқанымды көріп, талып қала жаздадым! Көргеніме көз жеткізу үшін бәрін лотерея қосымшасы арқылы қайта тексеруге тура келді», – деді америкалық азамат.

Ол ұтқан ақшасының бір бөлігін саяхатқа жұмсап, қалғанын жинақ шотына салатынын айтты.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары