Атырауда жүкті әйелді өлтірген күдікті ұсталды

/
Атырауда жүкті әйелді өлтірген күдікті ұсталды
Ашық дереккөзден

Атыраудағы «Французский квартал» тұрғын үй кешенінен 46 жастағы әйелдің зорлық-зомбылық белгілері бар мәйіті табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, марқұм жүкті болған, деп хабарлады turkystan.kz Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Құқық қорғау органдарындағы дереккөздердің мәліметінше, әйел пышақталған. Сонымен қатар, оның пәтерінен бірнеше құнды заттың жоғалғаны белгілі болды. Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

Атырау облыстық полиция департаменті бұл ақпаратты растады. Қазір аталған жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы («Адам өлтіру») бойынша іс қозғалып, жан-жақты тергеу амалдары басталды.

Полиция қызметкерлері қылмыстың мән-жайын анықтауға кірісті.

Қоғамда үлкен резонанс тудырған бұл оқиғаға қатысты қосымша мәліметтер тергеу барысына қарай кейінірек жарияланатын болады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары