82 жастағы америкалық Сара Блэкман планкада тұру бойынша әлемдік рекорд орнатып, Гиннестің рекордтар кітабына енді, деп хабарлады turkystan.kz.
Массачусетс штатының Натик қаласынан шыққан Блэкман – іш бұлшықеттеріне арналған жаттығу саналатын планканы орындап, бұл көрсеткіш бойынша рекорд орнатқан ең егде жастағы әйел атанды.
Ол 82 жас 229 күнінде бес минуттан аса уақыт бойы қол тіреп, планкада тұрған. Осы жетістігінің арқасында Сара Гиннестің рекордтар кітабына енгізілді.