Жаңа зерттеулерге сүйенсек, кейде ми бірнеше секундқа мүлде «сөніп қалады»: ойланбайды, өзін-өзі сезінбейді. Ғалымдар бұл күйді «сана үзілісі» деп атайды. Ол – бәрімізде болатын табиғи құбылыс. Бұл туралы cell.com жазды.
Мұндай сәттер көбінесе күйзеліске ұшырағанда, шаршағанда, ұйқы қанбағанда жиі кездеседі. Сонымен қатар, зейін тапшылығы мен гиперактивтілік синдромы (СДВГ) бар адамдарда жиірек байқалады. Бірақ бұл жалқаулық та, ақылдың аздығы да емес. Бұл – мидың өзін шамадан тыс жүктемеден қорғау механизмі.
Сондықтан, егер күндіз жұмыс істеп отырып, бір сәтке «өшіп» қалғандай күй кешсеңіз, өзіңізді кінәламаңыз. Сіздің миыңыз жай ғана тынығып алғысы келеді.