АҚШ-тың 40 жастағы тұрғыны – кәсібі бойынша маникюр шебері – өз азаматтығын, нақтырақ айтқанда, жеке басын 13 ІТ-компанияға жалға беріп, бір жыл ішінде 1 миллион доллар табыс тапқан. Бұл туралы FORTUNE жазды.
Ол өзін ІТ-маман ретінде жұмысқа орналастырып, компаниялардан барлық рұқсатты алған. Кейін логин мен парольдерін Қытай мен Солтүстік Корея азаматтарына берген. Сол адамдар оның атымен қашықтан жұмыс істеп, нақты жобаларға қатысқан.
Тергеу мәліметі бойынша, оның табысының бір бөлігі мен жұмыс барысында қолға түскен құпия деректер Солтүстік Корея билігіне жіберілген. Қазір ол әшкереленіп, алаяқтық бойынша қылмыстық іс қозғалды. Егер кінәсі дәлелденсе, 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Google компаниясының дерегінше, бұл – жалғыз оқиға емес. Әлемде «елес IТ маманы» атанған осындай алаяқтар саны күн санап артып келеді.