Жуалыда бір топ жігіт ұйықтап жатқан адамның үйін тонап кеткен

/
Жуалыда бір топ жігіт ұйықтап жатқан адамның үйін тонап кеткен
istockphoto.com

2025 жылдың қаңтарында Т есімді азамат екі танысын ертіп, Жуалы ауданының Көлбастау ауылында тұратын танысынан қарызын алу үшін жолға шыққан, деп хабарлайды turkystan.kz.

Навигатор көрсеткен үйге жеткенде үшеуі мекенжайды шатастырып, басқа үйге кіріп кеткен.

Үйде масаң күйде ұйықтап жатқан үйдің иесі А-ны байқап, жәбірленушіге тиесілі сөмкедегі ноутбукті алып, қылмыс болған жерден қашып кеткен.

Содан соң ұрланған ноутбукты 15 мың теңгеге сатып жіберген, нәтижесінде жәбірленушіге 320 мың теңге материалдық шығын келтірілген.

Сотталушы кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкініш білдіріп, материалдық және моральдық зиянды өтеген. Сонымен қатар, тараптардың медиация тәртібімен татуласуына байланысты Т. соттан іс бойынша өндірісті тоқтатуды сұрады.

Жәбірленуші де сотталушымен татуласу фактісін растап, іс бойынша өндірісті тоқтатуды сұрады.

Сот қаулысымен тараптардың медиация тәртібімен татуласуына байланысты қылмыстық іс бойынша өндіріс тоқтатылды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары