«Жерлейін деп жатқанда көзін ашқан»: Алматыда соғыс ардагері 102 жасқа толды

/
«Жерлейін деп жатқанда көзін ашқан»: Алматыда соғыс ардагері 102 жасқа толды
Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Алматы қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаменті, Түрксіб аудандық басқармасының шекара қызметі департаментінің өкілдері және әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілері 102 жасқа толған қарияны туған күнімен құттықтап барды.

Николай Таратунин 1923 жылы Ярославль облысының Починки ауылында дүниеге келген. 1941 жылдың қарашасында екі үлкен ағасы сияқты өз еркімен майданға аттанады. Шымырлығының арқасында барлау қызметіне қабылданды.

"Барлауда жүріп ол бірнеше рет жау тылында тапсырмаларды орындап, құнды мәліметтер жеткізді. Кейде офицерлерді де тұтқынға түсіріп жүрді. Осындай рейдтердің бірінде немістің азық-түлік тиелген жүк көлігін басып алады, жан-жақтан оқ жауып жатқанына қарамастан, батыл барлаушы көлікті айдап бөлімге кіргізеді", - делінген хабарламада.

Николай Александрович бірнеше рет жарақаттанған. Ол 1943 жылы Донды күшейту кезінде ауыр жарақат алады. Жиырма жастағы сарбазды бәрі қаза тапты деп ойлаған. Түнімен дымқыл жертөледе жатып, таңертең жерлейін деп жатқанда жауынгер көзін ашады. Мұны көрген дәрігер: "Ұзақ жасайды екенсің, балам! Мен сені емдеп, аяққа тұрғызамын" дейді.

Соғыстан кейін Николай Таратунин Алматыдағы жаяу әскер училищесін бітіріп, шекара әскерлерінде қызметін жалғастырды. Түркия, Иран, Қытай және Жапониямен шекарада қызмет еткен.

Иван Николаевич – І дәрежелі Отан соғысы, Қызыл жұлдыз және "Құрмет" орденінің иегері.

Бүгінде майдангер ұлымен бірге тұрады. Оның үш немересі мен шөбересі бар. Жыл сайын 9 мамырда бұл отбасы ардагерді жеңіс күнімен құттықтау үшін бас қосады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары