«Қазгидромет» РМК-сы болжамы бойынша, Астанада 29 сәуірде түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с.
Жетісу облысының батысында, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Облыстың батысында, солтүстігінде күндіз шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстік бөлігінде екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі күтіледі.
29 сәуірде күндіз Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнап, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің бағыты солтүстік батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
29 сәуірде түнде Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнайды, бұршақ жаууы ықтимал. Оңтүстік батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жылдамдығы 15-20 м/с.
Маңғыстау облысында солтүстіктен соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың оңтүстігінде жылдамдығы 15-20 м/с. Облыстың солтүстік шығысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
29 сәуірде түнде және танертең Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде 3 градус үсік жүреді. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
29 сәуірде Қызылорда облысының орталығында, шығысында найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрады. Жел солтүстік батыстан соғады, күші 15-20 м/с, облыстың орталығында екпіні 23 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады.
29 сәуірде түнде Ұлытау облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
29 сәуірде күндіз Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығыста екпіні 15-20 м/с.
29 сәуірде күндіз Шығыс Қазақстан облысында найзағай, ойнап, бұршақ жауады. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Атырау облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
29 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысында түнде өңірдің солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман түседі.
29 сәуірде таңертең және күндіз Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Жел оңтүстік батыстан солтүстік батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі сқталады.
29 сәуір түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.
29 сәуірде Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20, күндіз күші 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 25 м/с күтіледі.
29 сәуірде күндіз Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Солтүстік батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік батысында, солтүстік шығысында, таулы аудандарында жылдамдығы 15-20 м/с. 29 сәуірде облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.
29 сәуірде Ақмола облысында батыстан, солтүстік батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.