«Damu bala» платформасында спорт секцияларына кезек негізсіз тоқтатылған

/
«Damu bala» платформасында спорт секцияларына кезек негізсіз тоқтатылған
istockphoto.com

Ақмола облысының Прокуратурасы балаларға арналған спорт секцияларына кезек ашты, деп хабарлайды turkystan.kz.  

Көкшетау қаласының прокуратурасы «Damu bala» электронды платформасында спорт секцияларына кезекті негізсіз тоқтату фактісі бойынша тексеріс жүргізді.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес биыл балаларға арналған, Көкшетау қаласының аумағында орналасқан спорт секцияларына кезек 5 қаңтарда (жылдың бірінші жұмыс күні) ашылуы тиіс болатын.

Алайда уәкілетті орган осы уақытқа дейін кезекті ашпаған. Осылайша кәмелетке толмағандардың құқығын бұзған.  

Қала прокуратурасы араласқаннан кейін спорт секцияларына қабылдау кезегі ашылды және 3,8 мың баланың құқығы қорғалды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары