Президент Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевті қабылдады

/
Президент Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевті қабылдады
Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірдің 2025 жылдың бірінші тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берілді.

Негізгі көрсеткіштер

  • Өнеркәсіптік өндіріс көлемі 507,9 млрд теңгені; 
  • ауыл шаруашылығы өнімі 97,4 млрд теңгені құраған. 
  •  ШОБ субъектілерінің саны 146,2 мыңға жетіп, 7,7 пайызға артқан.

Басты жобалар

  • Жыл басынан бері 12 жаңа өнеркәсіп жобасы іске қосылған. Оның ішінде «GALANZ bottlers» өндіріс алаңының кеңеюі, «Бартоғай ГЭС-28» және Шарын өзеніндегі шағын ГЭС каскадының құрылыстары сияқты ауқымды жобалар бар.
  • Құны 2,4 трлн теңгені құрайтын 122 жоба жүзеге асырылып жатыр. Нәтижесінде 36 776 жұмыс орны ашылады.

Қонаев және Алатау қалаларының дамуы

  • Облыс орталығында «Smart Qonaev» қаланы басқарудың бірыңғай жүйесі енгізіліп жатыр.  
  • Алатау қаласының бас жоспарына түзетулер жасау және көлік-инженерлік инфрақұрылымды жобалау жұмыстары басталды.

Білім саласы

  • «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 17 білім ордасының құрылысы қолға алынған. 
  • Үш ауысымды оқу мәселесін шешу үшін мемлекет-жекеменшік әріптестік негізінде 19 мектеп салу жоспарланған. 2025-2027 жылдары 91 оқу ошағында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Президенттің тапсырмалары:

  • Қасым-Жомарт Тоқаев Қонаев және Алатау қалаларын, жалпы Алматы агломерациясын дамытуға қатысты барлық белгіленген мақсаттарды сапалы әрі уақтылы орындаудың маңызын атап өтті. 
  • Президент индустриалды аймақтар мен Аlatau АЭА-ның әлеуетін нығайтуға, сондай-ақ коммуналдық және елді мекендердегі жолдардың құрылысын іске асыруға баса мән беруді тапсырды.
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары