Елорда полициясы алаяқтық жасады деген күдікпен 34 жастағы келіншекті ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Алдын-ала тергеу мәліметтері бойынша, күдікті бірнеше азаматтың сеніміне кіріп, оларға тұрғын үй алуға көмектесемін деген сылтаумен алдаған.
Ол өзінің жылжымайтын мүлік нарығында жұмыс істейтін таныстары бар екенін айтып, жалған құжаттар ұсынған.
Нәтижесінде, ол жәбірленушілердің жалпы сомасы шамамен 15 миллион теңгені құрайтын қаражатын заңсыз иемденген.
Күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі бойынша (Ірі көлемдегі алаяқтық) қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде, осындай үш қылмыс эпизоды анықталды. Әйелдің бұрын сотталғаны белгілі болды.