Madrid open: Елена Рыбакина украиналық теннисшіден жеңіліп қалды

/
Madrid open: Елена Рыбакина украиналық теннисшіден жеңіліп қалды
Фото: ҰОК

Қазақстанның бірінші, әлемнің 11-ракеткасы Елена Рыбакина Мадрид (Испания) WTA 1000 турнирінің төртінші айналымына шыға алмады.

Қазақстандық теннисші үшінші айналымда әлемнің 17-ракеткасы, украиналық Элина Свитолинаға қарсы келді.

Бірінші партияда есеп 3:2 болған мезетте украиналық спортшы брейк жасап кетті. Сол басымдылық оған жеткілікті болды – 6:3.

Екінші сетте де Свитолина 3:1 есебімен алға шықты. Ол матчқа доп бергенде, мүмкіндігін жіберген жоқ – 6:4.

Бір сағат 25 минутқа созылған бәсеке барысында Рыбакина 5 эйс жасағанымен, 2 брейк-пойнтты пайдалана алмады. Свитолина 2 эйс, 2 брейкпен (4 брейк-пойнт) көзге түсті.

Өткен жылы Елена Рыбакина Мадридте жартылай финалға дейін жеткен еді. Биыл сол нәтижесін қайталай алмай, ұпайынан айырылды.

Е.Рыбакина қазіргі кезде WTA Live рейтингісінде 11-ден 12-сатыға төмендеп тұр. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары