Елімізде алғаш рет роботтың көмегімен қатерлі ісікке ота жасалды

/
Елімізде алғаш рет роботтың көмегімен қатерлі ісікке ота жасалды
istockphoto

Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында алғаш рет роботтың көмегімен қатерлі ісікке ота жасалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Отаны онкоурология орталығының жетекшісі Хусан Умурзаков жасады. Дәрігер онкологиялық ауруы асқынған науқастың бір бүйрегін роботтың көмегімен кесіп алып тастады. Сондай-ақ ағзаны көбейіп кеткен лимфалық түйіндерден тазартты.

Операция кезінде заманауи Sage bot SR–2000 роботтандырылған хирургиялық платформа алғаш рет қолданылды. Негізгі артықшылықтары:

қатерлі ісіктің кеңінен тараған формаларына қарсы тиімділігі;

науқастың денесіне көп жарақат салмай, барынша ыңғайлы ота жасау;

ота жасалатын жердің 3D-визуализациясы;

микрохирургиялық дәлдік;

операцилық бригадаға түсетін жүктеменің азаюы;

науқастарды қорғаудың интеллектуалдық жүйелері.

Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының директоры Ербол Бекмұхамбетовтің айтуынша, осы отадан кейін Қазақстандағы онкохирургия дамудың жаңа әрі маңызды сатысына шығып отыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары