Қарқаралы ұлттық табиғи паркінің аумағындағы өрт оқшауланды - комитет

/
Қарқаралы ұлттық табиғи паркінің аумағындағы өрт оқшауланды - комитет
Фото: Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

Тілсіз жау сағат 17:05–те оқшауланды, деп хабарлайды Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметі.

Өртті сөндіруге ЭТРМ 33 адамы, 7 техникасы, оның ішінде 1 тікұшақ «Қазавиорманқорғау» және 3 авиадесантты өрт сөндіру станциясы, ТЖД 31 адамы, 7 техникасы, ЖАО 25 адамы, 5 техникасы  жұмылдырылды. Сондай-ақ қосымша күштер мен құралдар жіберілді. Атап айтқанда Қарағанды облысы ТЖД 74 адамы, 11 техникасы, Семей, Өскемен және Қарағанды қалаларынан «Қазавиақұтқару» АҚ борты ұшып шықты. Өрт сөндіруге атсалысқан екі әуе кемесі 6 рет су шашты.

— Қарқаралы қаласындағы Қарқаралы МҰТП өрт сөндіру бекетінде ұйымдастырылған штабта үйлестіру жұмыстары жүзеге асырылып жатыр. Қарқаралы МҰТП директор орынбасары Алмас Жұмашев өртті сөндіру жұмыстарын басқарады. Өртті сөндіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Өртті толықтай жою үшін барлық қажетті шара қабылданып жатыр. Қосымша ақпараттар жағдайдың өзгеруіне байланысты беріліп отырады, — деді комитеттің баспасөз қызметі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары