Бас прокуратура Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған шабуылды тергеуге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Tengrinews.kz сауалына берген жауабында ведомство бұл іспен Шымкент қалалық Полиция департаменті айналысып жатқанын мәлімдеді.
Қылмыстық кодекстің 24-бабының 3-бөлігі (Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу) және 99-бабы 2-бөлігінің 6-тармағы ("Басқа адамдардың өміріне қауіпті тәсілмен жасалған кісі өлтіруге оқталу") бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
Прокуратура қазір тергеу жүріп жатқанын, бірақ егжей-тегжейі айтылмайтын жеткізді, бұған заңмен тыйым салынған.