Дзюдошы Мейірім Максим Азия чемпионатында қола медаль алды

/
Дзюдошы Мейірім Максим Азия чемпионатында қола медаль алды
Фото: ҰОК

Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан дзюдодан Азия чемпионатында қазақстандық спортшы Мейірлан Максим қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды turkystan.kz Қазақстан Ұлттық олимпиадалық комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мейірлан Максим 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, қола медаль үшін өткен белдесуде тәжікстандық Умед Раджабовты жеңді.

Осы салмақ дәрежесінде тағы бір қазақстандық Ермахан Ануарбеков те қола медаль үшін күрескен болатын. Алайда ол жапониялық Комей Кавабатадан жеңіліп қалды.

«Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында төрт медаль бар. Бұған дейін Галия Тынбаева (48 кг дейін), Шерзод Давлатов (60 кг дейін) және Бақыт Құсайбаева (57 кг дейін) қола медаль иеленген еді», – делінген ресми хабарламада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары