Петропавл қаласына жақын жерде Есіл өзенінде су деңгейінің көтерілуі тоқтады, деп хабарлайды Петропавлов news порталы.
Қазгидрометтің мәліметіне сәйкес, бүгін сағат 14:00-де Борки ауылына жақын жердегі гидрологиялық бекетте Есіл өзенінің деңгейі 1 179 сантиметрді құрады. Осылайша соңғы бірнеше сағаттың ішінде судың деңгейі өзгерген жоқ.
Ал Петпропавл су қоймасындағы судың деңгейі 1 сантиметрге көтеріліп, 1066 см құрады. Сол сияқты Долматово аулына жақын жерде Есілдің деңгейі тағы 3 сантиметрге көтерілді. Ол жақта судың деңгейі 1416 сантиметрге жетті.
Айта кетері, қазіргі кезде Қызылжар ауданында су тасқынының қаупі жоғары болып тұр. Есіл өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты Тепличное, Заречное, Ольшанка және Большая Малышка ауылдарын су басу қаупі бар.