Қарқаралы ұлттық табиғи паркі өртеніп жатыр

/
Қарқаралы ұлттық табиғи паркі өртеніп жатыр
Фото: Орман шаруашылығы комитеті

Бүгін Қарағанды облысы Айнабұлақ ауылынан 20 шақырым жерде орналасқан Бахтин орман шаруашылығының аумағы өртене бастады, деп хабарлайды Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті.

Комитеттің мәліметінше, өрт шамамен 40 гектар жерді шарпыған.

— 2025 жылғы 27 сәуір күні сағат 08:47–де Айнабұлақ ауылынан 20 шақырым жерде орналасқан Бахтин орман шаруашылығының аумағында орман өрті анықталды. Өрт алаңы алдын ала 40 гектарды құрайды. Өртті сөндіру жұмыстары 09:35–те басталды, — деп атап өтті ведомство.

Белгілі болғандай, орман аумағында жел соғып тұр. Қазір оның жылдамдығы 15 м/с дейін жетеді.

Қазір өртті сөндіруге мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің 30 қызметкері, 5 өрт сөндіру көлігі, оның ішінде 2 ШОПК, «Қазавиаорманқорғау» қызметінің 1 тікұшағы, 3 десантшысы, ТЖД 31 қызметкері, спутниктік байланысы, 7 техникасы,  Балқантау, Бахтин және Қырғыз ауылдық округтерінің ерікті өрт сөндіру бөлімшелерінен 15 адам, 3 техника, сондай-ақ «Ермак» қондырғысы тартылды.

— Жағдайды бағалау үшін «Қазавиаорманқорғау» мекемесінің БO-105 тікұшағы тартылды. Өрт сөндіру штабы Қарқаралы қаласындағы Қарқаралы МҰТП өрт сөндіру бекетінде орналастырылды. Өртті сөндіру жұмыстарының жетекшісі болып МҰТП директор орынбасары Алмаз Жұмашев тағайындалып, ол өрт орнына жетті. Өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр, — делінген хабарламада

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары