Автокөлікке ағаш құласа не істеу керек?

/
Автокөлікке ағаш құласа не істеу керек?
istockphoto

Көлігіңізге ағаш не жол белгісі құлап зақымдаған жағдайда шеккен шығыныңыз өтелуге міндетті, деп хабарлайды kazinform.

Мұндай жағдайда не істеу керек

Ең алдымен, құлаған ағашты немесе жол белгісін өз бетіңізше алып тастауға тырыспаңыз. Бұл қауіпті болуы мүмкін: ағаш үстіңізге құлап, жарақат алып қалуыңыз ықтимал. Сонымен қатар, полиция қызметкері келгенге дейін ағашты, белгіні немесе көлікті жылжытуға тыйым салынады.
Бірден «102» нөміріне қоңырау шалыңыз. Полиция қызметкерлері ағаштың немесе белгінің құлау фактісін тіркеп, көлігіңізге қосымша зақым келтірместен кедергілерді кәсіби түрде алып тастайтын арнайы қызметтерге ақпарат беруі керек.

Полиция қызметкерін күтіп тұрған кезде:

— оқиға орнын түрлі қырынан фотоға және видеоға түсіріп алыңыз;
— ең дұрысы күнін, сағатын, координаты мен ауа райын тіркейтін арнаулы қосымшаларды пайдаланған жөн. Мәселен, Timestamp Camera немесе Auto Stamper (Android пен iOS қосымшаларында қолжетімді).
— ағашты мұқият қарап шығыңыз, егер зақымдану белгілері (кеуіп қалған, шіріген, күйген немесе кесілген болуы мүмкін) шолып қарағанда көзге байқалса, оны таспалап алуды ұмытпаңыз. Сізге жергілікті билік оны алдын ала алып тастауы керек екенін дәлелдеу қажет болуы мүмкін. Егер көршілеріңіз әкімдікке ескі немесе зақымдалған ағашты кесіп тастау туралы өтініш білдіргенін растайтын құжат болса, онда тіпті жақсы.

Егер жол белгісі машинаңыздың үстіне құлап кетсе, онда оның қалай бекітілгенін тексеруіңіз керек — егер жол белгісі жерде тұрса, онда іргетастасын суретке түсіріп алыңыз, ал егер ол анкерге немесе арнайы құрылымға орнатылған болса, онда бетітіліп тұрған бөлігін таспалағаныңыз жөн. Бекіткіштерді және жол белгісі бекітілген орынды түсіріп алу маңызды.
Орын алған жайт фактісі құжатталып, көлігіңізден ағаш немесе жол белгісі алынып тасталғаннан кейін, барлық шығыныңызды тіркей бастаңыз — бұл сома толығымен өтелуі тиіс. Егер көлігіңіз жүруге жарамсыз болып қалып, тасымалдауға тура келсе, онда эвакуатордан чек сұраңыз, одан кейін көлігіңізді жөндейтін техникалық қызмет көрсету орталығынан да құжат алуды ұмытпаңыз. Тәуелсіз бағалаушы іздеңіз (арнайы компанияға хабарласып, ал олардың нөмірін жарнама сайттарынан ала аласыз немесе сақтандыру компаниясы өкілінен байланыс нөмірін сұрап алуға болады.

Сақтандыру

Автокөлікті міндетті сақтандыру мұндай шығындарды толығымен өтей алмайды. Мұндай жағдайда сізге тек ерікті сақтандыру және оның жазатайым оқиға екенін дәлелдеу ғана көмектесе (фотосуреттер мен бейнетаспалар кәдеге жарайды) алады. Егер жақын жерде бейнебақылау камералары орнатылған болса, онда олардан алынған кадрлар да керемет көмекші болар еді.

Егер сақтандыру шығындарыңызды толық өтемесе, онда тұрғылықты жеріңіз бойынша әкімдікке жүгінуіңіз қажет. Мұны онлайн режимінде жасауға немесе жазбаша өтініш жазуға болады. Сізге жасыл желектерді күтіп ұстауға және қорғауға кім жауапты екенін анықтау қажет. Көбінесе бұл жергілікті әкімдіктің бөлімшелерінің құзіретіне кіреді. Барлық жол белгісі де қаланың меншігінде. Соңғы кезеңде сотқа дейінгі талап жазу қажет. Егер оны елемесе немесе залалды төлеуден бас тартса, онда сіз келтірілген зиян мен залалды өтеу туралы сотқа сенімді түрде жүгіне аласыз.

Сондай-ақ, көлік құралы жол қозғалысы ережелерін бұза отырып тұрақта тұрса да, сізге келген шығын сомасын толық көлемде төлеуге міндетті екенін қаперден шығармаңыз. Көлік дұрыс тұрмаса да ағаш немесе жол белгісі құламауы тиіс. Әрине, бұл жағдайда сіз полиция шақырған кезде қызметкерлер екі хаттама жасайды — біреуімен құлау фактісін тіркеп, ал екіншісімен көлігіңізді дұрыс қоймағаныңыз үшін айыппұл салады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары