Бүгінгі валюта бағамы белгілі болды

/
Бүгінгі валюта бағамы белгілі болды
istockphoto

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 513 — 519 теңгеден саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 27 сәуірге ұсынған ресми бағамы — бір долларға 515,03 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,24 теңге. Еуро — 584,82.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 517 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 514,5 теңге. Еуро 583 — 587 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 519 теңге, сатып алу құны — 513 теңге. Еуро 581 теңгеден сатып алынып, 588 теңгеден сатылып жатыр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,09 — 6,24 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 25 сәуір күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2,07 теңгеге төмендеп, 515,03 теңге болған. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары