Қазгидромет қай қалада ауа сапасы нашарлайтынын жариялады

/
Қазгидромет қай қалада ауа сапасы нашарлайтынын жариялады
istockphoto

Бүгін, 27 сәуір күні Қазақстанның көптеген қалаларында ауа райы қолайлы болады, деп хабарлайды turkystan.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Алайда синоптиктердің болжамынша, Алматыда күндіз және Атырауда түнде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (НМУ) күтіледі. Бұл жағдай атмосфералық ауаның төменгі қабаттарында зиянды заттардың жиналуына ықпал етеді, нәтижесінде ауа сапасы нашарлауы мүмкін.

Еске сала кетейік, қолайсыз метеожағдайлар желдің әлсіздігі, тұман, инверсия сияқты метеорологиялық факторлардың әсерінен пайда болады. Ауадағы ластану деңгейіне ең көп ықпал ететін негізгі көрсеткіштер – жел, жауын-шашын, ауа ылғалдылығы мен температура.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары