Қырғызстанда алаяқтықпен айналысты деген күдікпен Қазақстан азаматтары ұсталды

/
Қырғызстанда алаяқтықпен айналысты деген күдікпен Қазақстан азаматтары ұсталды
Фото: МҚКК

Қырғызстанда Қазақстан азаматтары алаяқтық байланыс орталығын ашып, екі елдің тұрғындарын алдап келгені үшін ұсталды. Бұл туралы Қырғыз Республикасы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ведомствоның хабарлауынша, аталмыш call-орталық қызметкерлері Қырғызстан мен Қазақстан азаматтарын диеталық қоспалар мен тұрмыстық техника сатып алуға көндіріп, олардың сеніміне кірген соң лотерея билеттерін сатып алуға үгіттеген. Клиенттерге белгілі бір шоттарға ақша аудару арқылы ұтыс алу мүмкіндігі ұсынылған.

Алайда, аталған орталық салық органдарында тіркелмеген және лотерея өткізуге лицензиясы болмаған. Сонымен қатар, call-орталықтың барлық серверлері мен дерекқорлары Қазақстан аумағында орналасқан, яғни олар қашықтан қоңырау шалуға арналған ІР-Телефония жүйесін пайдаланған.

Бұл қылмыстық схема ұйымдасқан сипатқа ие болып, заманауи байланыс құралдары мен азаматтардың психологиясын манипуляциялау әдістерін қолдану арқылы жүзеге асырылған. Ал алаяқтық құрбандарының басым бөлігі — қарт адамдар.

Жедел іздестіру шаралары барысында байланыс орталығының 43 қызметкері (оның ішінде 4 кәмелетке толмаған бала бар) ұсталып, Қырғыз Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жеткізілді. Сонымен қатар 43 ұялы телефон, 78 ноутбук және ұйымның қызметіне қатысты түрлі құжаттар тәркіленді.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары