Бүгін Испанияның екі алпауыт командасы – «Реал Мадрид» мен «Барселона» ел кубогі үшін таласқа түседі, деп хабарлайды turkystan.kz.
Футбол сүйер қауым арасында эль-класико аталып кеткен қос команданың текетіресі әрдайым қызық өтеді.
Қос команда бұған дейін 295 рет кездескен. Оның 124-інде «Барселона» жеңіске жетсе, ал 109 ойында «Реал Мадрид» ойыншылары басым түскен. Одан бөлек, 62 ойын тең нәтижемен аяқталған.
Биылғы маусымда қос команда үш рет кездескен-тін. Соңғы екі ойында «Барселона» 4:0 және 5:2 есебімен ойсырата жеңген болатын.
Еске сала кетейік, аталған кездесу сәуірдің 26-нан 27-не қараған түні, Қазақстан уақытымен сағат 00:55-де басталады. Тартысқа толы ойынды Sport Plus Qazaqstan арнасынан тікелей эфирде тамашалай аласыздар.